Алматы облысында 9-сынып оқушысы мектепте көз жұмды

Қайғылы жағдай Алматы облысы Қаскелең қаласындағы  Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте болған.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл ақпаратты Қарасай ауданының білім бөлімі растады, деп хабарлады Kazinform ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 15 жастағы 9-сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлап, мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған.

«Жедел жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бұл – отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша уәкілетті органдар тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?