Алматы облысында 6-сынып оқушысы үйінің ауласында өлі күйінде табылды

Алматы облысы Саймасай ауылында 6-сынып оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған күйінде табылды. Алдын ала деректерге сәйкес, бала өз-өзіне қол салған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның отбасы есепте болған. Сонымен қатар ол өгей әкесінің тәрбиесінде болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ата-анасы ішімдікке әуестенген, ал балалар қараусыз, нашар жағдайда өмір сүрген. Баладан ресми түрде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Сондай-ақ, баланың жеке күнделігі табылды. Онда: «Неге тек маған айқайлап, ұрады… Мен ешкімге керек емеспін… Мен бөтенмін…» деген жазбалар болған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді ерекше бақылауға алды.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді