Алматы облысында 25 кеншінің өміріне қауіп төндірген шахтаның қызметі тоқтатылды

Қарағанды және Павлодар облыстарында орын алған қайғылы оқиғалардан кейін облыс аумағында ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнының ұңғымада тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатырда тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған.

Анықталған заң бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін көрсетті.

Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Сонымен қатар МАЭС шешімімен қайғылы оқиғаны болдырмау мақсатында шахтаның қызметін анықталған олқылықтар түзелгенге дейін тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды