Алматы облысында 2 млн теңгенің вейптері тәркіленді

Алматы облысының полицейлері жалпы құны 2 млн теңге болатын вейптерді тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады.

“Стоп-алаяқ” ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

– Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады, – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды