Алматы облысында 10 жасар баланы иттерден арашалап қалған азамат Президенттен Алғыс хат алды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Серікбек Алдабергенұлы Сақайбековке Алғыс хат табыстады.

Алматы облысының әкімдігі

Алматы, NEGE. Ауыл тұрғыны маусым айының соңында Алмалыбақ ауылында ит шабуылына ұшыраған 10 жастағы баланы ажалдан арашалап қалды. Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында болған. Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де, баланы құтқарып қалған.

Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты