Алматы облысына блок-бекеттер қойылды: Талғарда қамауда отырған ер адам қашып кетті

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Zakon.kz

Алматы, NEGE. Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті. Сол себепті «Дабыл» жоспары енгізілді.

Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.

Фото: Полиция

Сонымен қатар, қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.