Алматы облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің ендігі бастығы–Мейрам Әбікеев

Polisia.kz

Алматы, NEGE. Полиция полковнигі осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД  бастығының орынбасары болған.

Ал, облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

ІІМ басшысының бұйрығымен:

  • ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;
  • Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
  • ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
  • ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
  • ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.


18 қазан күні Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен