Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Көшеке Ерғали Ахилбекұлы 4 қаңтардан бастап Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Фото: ғаламтордан

Ерғали Ахилбекұлы 1992 жылы туылған, білімі жоғары, 2013 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының Алмалы ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының келісім бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2022 жылғы шілде айынан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады