27 июля 2025 г. 8:42
Алматы мен Атырауда қолайсыз метеожағдай күтіледі
27 шілдеде Қазақстанның көп қаласында ауа райы қолайлы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
АЛМАТЫ, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда күндіз, ал Атырау қаласында түнде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) байқалады.
Қолайсыз метеожағдай – қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі нәтижесінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Мұндай кезде елді мекендерде ауа сапасы төмендеуі мүмкін.
Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтайтын басты факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.