Алматы мен Астанадан Үржарға күнделікті әуе рейстері ашылды

Абай облысының Үржар ауданына енді SCAT әуе компаниясының ұшақтары күн сайын қатынайды. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Бүгін Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет «SCAT» компаниясының 50 орындық «CRJ-200» ұшағы қонды. Бұған дейін тұрғындар бұл бағытта ескі «АН-24» ұшағын пайдаланып келген еді.

«Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша рейстер аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалады. Мемлекеттік субсидия есебінен билет бағасы – 16 мың теңге.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен