Алматы мектептерінде «виртуалды репетитор» қызметі пайда болуы мүмкін

Алматы әкімі Ерболат Досаев педагогтардың кеңесінде жаңа жоба – жасанды интеллект негізіндегі виртуалды репетитордың іске қосылғанын хабарлады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Бұл жобаны жаңа оқу жылында пилоттық режимде сынау жоспарланып отыр. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, оны қала мектептеріне енгізіледі.

Қазірдің өзінде қолданылып жүрген «Жеңіл портфель» жобасы аясында оқушылар TopIQ.kz платформасы арқылы цифрлық оқулықтарға қол жеткізе алады. Бұл жаңартылатын ақпаратқа қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді және оқушылардың физикалық белсенділігін азайтады.

Сондай-ақ, балабақша педагогтері мен ата-аналарды әдістемелік қолдау үшін қалалық «AlmatyKids.kz» дамытушы цифрлық контенті жасалды, оған қаладағы барлық балабақша қосылған.

Бұл бастамалар 2024-2025 оқу жылына арналған «Digital Kazakhstan» тамыз саммитінде талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр