Алматы маңында жүк пойызы жылқы қағып, шұғыл түрде тоқтады

Алматы маңында жүк пойызы жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына қарасты Шамалған станциясының маңында қараусыз жайылып жүрген жылқы жүк пойызына соғылып, пойыз шұғыл түрде тоқтады.

Аталған факт Алматы 1 ст. желілік полиция басқармасының ақпараттарды тіркеу кітабына тіркеліп, Шамалған станциясы ЖПб қызметкерлері жылқының иесін анықтау бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде малдың иесі анықталып, ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шараларының арқасында Отар – Шамалған станцияларының аралығында жылжымалы құрамның шұғыл түрде тоқтауы былтырғы жылмен салыстырғанда 52,9 пайызға (17-ден 8-ге дейін) төмендеді.

Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады