Алматы маңында әйел терезе жуып жатып, 10-қабаттан құлап кетті

Бесағаш ауылында қайғылы оқиға болды. 41 жастағы әйел терезе жуып жатып, 10-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД хабарлады. 

GG Cleaning

Алматы, NEGE. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 наурыз күні Бесағаш ауылындағы "Аспан Сити" тұрғын үй кешенінде 41 жастағы әйел 10-қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақаттардың салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай терезе жуу кезінде абайсызда болған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда," – деп хабарлады департамент. 

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды