Алматы қуыршақ театры халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Алматы мемлекеттік қуыршақ театры Грузиядағы II Batumi International Puppet Theatre Festival халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Фестивальде Италия, Испания, Бразилия, Франция, Польша және Грузияның театр ұжымдары бақ сынасты.

Театр Шекспирдің «Макбет» трагедиясы негізінде қойылған «Макбет. Иллюзия» спектаклін ұсынды, келушілерді актерлер мен қуыршақтар қатысқан эксперименталды қойылым таңғалдырды. Режиссер Дина Жұмабаева, суретші Юлия Чернова және хореограф Анна Цой көрермендерді адами эмоция мен амбициялардың күрделі әлеміне бойлататын ерекше визуалды әрі пластикалық атмосфера жасады.

Бұл Алматы қуыршақ театрының халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі емес. Жазда олар Канададағы фестивальде Гран-при жеңіп алған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?