Алматы қаласында көлік ұрлаған адам Жамбыл облысында ұсталды

Күдікті республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент тасжолының 160 шақырымындағы "Отар" бекетінің төңірегінде құрықталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Mercedes-Benz Vito көлігінің ұрланғаны туралы Алматы полициясы хабарлаған. Ұрлау мақсатынсыз көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Қылмысқа қатысы бар күдікті Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылып, жәбірленуші полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты