30 октября 2025 г. 10:18

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза тапты

Фото: ғаламтордан

Бүгін түнде Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қайтыс болды.

Алматы, NEGE. NEGE редакциясына келген деректерге сәйкес, түнде Астанада Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров соққыға жығылған. Ол алған жарақаттарынан қаза тапқан.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Ол қызмет жолын 1995-1996 жж. – Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімі меңгерушісі, директоры лауазымымен бастаған. 

1996 жылы Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы болды.

1996-2004 жж. – 2004 жылдың сәуір- қыркүйегі – ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.

2004 жылдың қыркүйегі – 2005 жылдың наурызы – ҚР Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылдың наурызы – 2006 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2006 жылдың ақпаны – 2007 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат, мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі.

2007 жылдың қазаны – 2008 жылдың мамыры – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.

2008 жылдың мамыры – 2012 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары.

2012 жылдың қазаны – 2016 жылдың маусымы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016 жылдың маусымы – 2018 жылдың желтоқсаны – ҚР Премьер-министрі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары.

2018 жылдың желтоқсаны – 2019 жылдың сәуірі – ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.

2019 жылдың 5 сәуірінен - 5 шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі.

2019 жылдың 5 шілдесінен бастап – Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.

Қаңтар оқиғасынан кейін ол сол кездегі әкім Бақытжан Сағынтаевпен бірге қызметінен кеткен. Соңғы атқарған қызметі — Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

Биыл ақпан айында ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қазір марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.