Алматы қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды

2024 жылдың 18 қарашасында Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының шешімімен Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған