Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаева сотталды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады