Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокатына сот үкімі шықты

Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев, Г. Сәкенова сотталды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара бергені, қала тұрғындары алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Сәкеноваға – 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа – 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ