Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты

Алматы облысында 21 маусым күні сағат 13:00 шамасында Алматы – Бішкек тас жолының 135-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 

egemen.kz

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ол алдымен Toyota Highlander көлігімен, кейін DAF жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mitsubishi Pajero көлігінің төрт жолаушысы мен Toyota Highlander көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Басқа жолаушылар түрлі жарақаттармен жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді, — деп мәлімдеді полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді