Алматы әуежайының екінші қабатына көлік кіруіне уақытша тыйым салынды

Алматы әуежайының екінші қабатындағы көлік қозғалысы бірнеше күнге шектеледі. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция

Алматы, NEGE. «Алматы халықаралық әуежайы мәліметінше, 16-21 қыркүйек аралығында екінші қабатқа көтерілуге арналған пандустың кеңеюіне байланысты екінші қабатқа шығу уақытша жабылады.

Ішкі және халықаралық терминалдарға жолаушыларды түсіру бірінші қабаттың ұшып келу аймағында жүргізіледі.

Жолаушылардың әуежайға алдын ала келуін сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді