Алматы әуежайындағы оқиға: Ішкі істер министрлігі полицейлерді жазаламайды

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, әуежайда адам көп болған, сондықтан күштік құрылымдар сақтық танытып, алгоритм бойынша әрекет еткен. 

«Әуежай – адам көп жүретін стратегиялық нысан. Полиция алгоритм бойынша әрекет етті. Сондықтан оларға қатысты қылмыстық қудалау болмайды. Полиция оқиға орнынан табылды. Одан әрі оқиғаның ушығуына жол бермеді. Осы тұста азаматымыздың ерлігін көрдік», - деді Әділов. 

Әділов қазір тергеу жүріп жатқанын, оның қорытындысы бойынша «әуежайдың барлық қызметтеріне, соның ішінде авиациялық қауіпсіздік қызметіне» құқықтық баға беріліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Астана әуежайынан ұшып кететін жолаушыларға бірқатар өзгеріс болатыны ескертілді

Конституциялық сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ

«Жалған аутизм»: ДСМ ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үндеу жасады

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін?