5 сентября 2025 г. 16:07

Алматы әуежайында жүгінде «атом бомбасы» бар деп әзілдеген шетелдік жолаушы жазаланды

Фото: Полиция

2 қыркүйекте Алматы әуежайында шетел азаматы халықаралық рейске тіркелу барысында өзінің жүгінде «атом бомбасы» барын қалжыңдап айтқан. 

Алматы, NEGE. Бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушылар арасында дүрбелең тудырды.

Нәтижесінде шетел азаматы ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 900 жолаушыны көліктен түсірді. Оның ішінде 489-ы – пойыз жолаушылары, ал 411-і – әуе рейстерінің жолаушылары.