Алматы әуежайында рейстер үшінші күн қатарынан кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайында үшінші күн қатарынан рейстер кешігіп жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, қазір 16 рейс кешіккен. Ал бұған дейін Көлік министрлігі Алматы әуежайындағы рейстер кестесі 16 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін толық қалпына келеді деп уәде берген болатын.

Айта кетсек, 14-15 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты 50-ден астам рейс кешігіп, 7 рейс тоқтатылды. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттерді қайта брондай алады немесе ақшасын қайтара алады.

Жолаушылар тасымалдаушы компаниялардың қызметіне наразы. Айтуларынша, түнеу орындары мен тамақтандыру қызметі өз деңгейінде ұйымдастырылмаған. Тіпті мардымды жауап ала алмай жүрміз дейді.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды