Алматы әуежайында өзін өртеп жіберген ер адамның оқиғаға дейінгі видеосы жарияланды

Видеоны әлеуметтік желіде Nur Ai & Co туристік агенттігінің директоры Гүлмира Сәдуақасова жариялаған.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, ер адам кассаға кіріп, телефон сұраған. Сосын біреуге қоңырау шалып, рейске кешігіп қалғанын айтқан. Сөйлесіп болғаннан кейін өзіне бензин құйып жіберген. Агенттік қызметкері ғимараттан шығып үлгергеннен кейін ер адам өзіне от қойған.

Сәдуақасова ер адамның билет айырбастамақ болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, ол тек қызметтік телефонды пайдаланған, ал агенттіктің қызметшісімен жанжалдаспаған.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті