Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайы күн райының нашарлауына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан рейстердің жаңарған статусын ұшар алдында әуежай мен әуе компанияларының ресми сайттарынан тексеру керектігін ескертті.

– Барлық қызметтер рейстердің кешігуін азайту және операциялардың қалыпты тәртібін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады әуежайдан.

Қазіргі уақытта ұшу уақыты кешігіп жатқан рейстер қатарында Ташкент, Қостанай, Астана бағыттары бар.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты