Алматы әуежайында Ақтау қаласының прокуроры ұсталды

БАҚ мәліметінше, Алматы әуежайында Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров ұсталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, прокурордың ұсталуына мас күйде жанжал шығаруы себеп болған.

«Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіровті Алматы әуежайында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің желілік бөлімшесі қызметкерлері ұстады. Оқиға оның демалысы кезінде, Астанадан ұшып келген рейсте кейін болған", – делінген хабарламада.

Аталмыш жағдайға қатысты қызметтік тергеу басталды.

«Маңғыстау облысының прокуратурасы атаомыш фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Тергеу нәтижелері бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады», – деп мәлімдеді Маңғыстау облысы прокуратурасы.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды