Алматы әуежайында адам қаза тапты

Алматы әуежайында еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы салдарынан адам қаза тапты.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Қаза тапқан адамның кім екені және оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтерді жарияламайтынын мәлімдеді.