Алматы әуежайында 12 рейстің ұшу уақыты шегерілді

Алматыда ауа райының күрт нашарлауына байланысты әуежайда бірнеше рейстің ұшуы белгісіз уақытқа дейін шегерілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мегаполистегі метеоахуалдың қолайсыздығына байланысты 12 əуе рейсі кешігіп жатыр. Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады Алматы халықаралық əуежайынан.

Сондай-ақ Дели, Душанбе, Доха, Мәскеу бағыты да кешігуде. Барлығы 12 рейс жоспарланған уақытта ұша алмады.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды