Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ бұрынғы несиені қайта қаржыландыруға, әуежайды жаңғырту және оған техникалық қызмет көрсету жобаларын қаржыландыруға 670 миллион доллар көлемінде несие алуға өтініш берді.

Көлік министрлігі

Астана, NEGE. Bloomberg ақпаратынша, мәміле аясында бұл қаржының 478 миллион доллары бұрын алынған несиені қайта қаржыландыруға, 172 миллион доллары күрделі шығындарға, ал 20 миллион доллары ағымдағы шығындарға бағытталмақ.

Несие мерзімі – жеті жыл. Bank of America Corporation несиенің уәкілетті жетекші ұйымдастырушысы ретінде аталған.

Әуежайдың бақылау пакеті – TAV Havalimanlari Holding AS компаниясына тиесілі.

Қаржыландыру Алматы әуежайын халықаралық авиациялық хабқа айналдыруға бағытталған ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде тартылып отыр.

Айта кетерлігі, 2050 жылға қарай Алматы әуежайындағы жылдық жолаушылар ағынын 55 миллион адамға жеткізу жоспарланған. Бұл қазіргі көрсеткішпен салыстырғанда, 358 пайызға көп болмақ.