Алматы Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

Атырау облысында 7 сәуірде су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Зардап шеккен аймаққа Алматы қаласы әкімі аппаратының Құтқару қызметінің күшімен гуманитарлық көмек жіберілді.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Облысқа көмекке 3 «КамАЗ» жүк көлігі, жеңіл автокөлік, шанцев аспаптары (күректер, балталар, сынықтар және т.б.) жіберілді. Сондай-ақ, көмекке шатырлар, кереуеттер, шамдар, құтқару кеудешелері, резеңке етік, 5 мың қап, дәрі-дәрмектер кіреді.

Өткен аптада Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жіберілген болатын.

29 наурыздан бастап қалада Алмалы ауданының коммуналдық орталығы базасында ашылған қабылдау пункті жұмыс істейді. Күн сайын алматылықтар қажетті заттарды әкеліп, табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге өз үлестерін қосуда.

Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар қажетті көмекті жинауға белсене қатысты. 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды