Алматы әкімдігі заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады

Қазіргі таңда бұл тізімде 45 тұрғын үй кешені бар. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Тізім құрылысқа рұқсат берілген құжаты толық емес, сонымен қатар жобадан ауытқыған және басқа да заңсыздықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешенімен толықты.

Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар да кірді. Басқарманың дерегінше, осындай ТҮК бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады. 

Фото: Алматы әкімдігі

ТҮК құжатының бар-жоғын 7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша білуге болады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін