Алматы әкімдігі Сайран көліндегі жұмыстарды кешіктірген мердігерді сотқа берді

Алматыда Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстарының аяқталмауына байланысты Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Сайран көлін абаттандыру жобасының бас мердігері – «Павлодарский речной порт» АҚ қатысты сотқа талап арыз түсірді.

NEGE

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда шарт бойынша міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалмауына байланысты қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы «Павлодарский речной порт» акционерлік қоғамын мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз берді», деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Бұған дейін Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары мамырда аяқталатыны айтылған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?