Алматы әкімдігі Орталық саябақтың 5 га жерін қайтарып алды

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтың 5 гектар жерін қала меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.

welcome.kz

Астана, NEGE. Әкімдіктің мәліметінше, жерді жалға алушы – «ТФК «Алтын-Тараз» ЖШС саябақты көркейтуге және инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салмаған.

«Жалдау шартын тоқтатуға саябақ аумағының қараусыз қалуы себеп болған: инфрақұрылым ескірген, аттракциондар жаңғыртуды қажет етеді, ал саябақтың өзі қазіргі заман талаптарына сай келмейді», – делінген әкімдік хабарламасында.

Осы себепті саябақтың жалпы аумағы 5 гектардан асатын 94 жер телімі қала меншігіне қайтарылған.

Жалға алушы компания әкімдік шешіміне сот арқылы шағымдануға тырысқанымен, сот олардың талабын қанағаттандырмаған.

Әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, болашақта саябақты жаңарту жобасы іске асырылмақ. Жоба аясында көгалдандыру, заманауи демалыс аймақтарын құру, туризм мен мәдениет саласын дамытуға басымдық берілмек.

Қазір оқып жатыр

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Астана мәртебесі конституциялық заңда айқындалды

Парламент Президент және Құрылтай туралы конституциялық заңдарды қабылдады