Алматы әкімдігі хайуанаттар бағын көшіру туралы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы хайуанаттар бағының қазіргі орнында жұмысын жалғастыратынын және оны басқа қалаға көшіру жоспары жоқ екенін мәлімдеді.

kazgazeta.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, Алматының даму жоспарында зообақты халықаралық стандарттарға сай жаңғырту мен қайта құру қарастырылған. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурс жарияланып, жаңарту жұмыстары 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілмек.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтындағы зообақты көшіру туралы ақпарат өшірілген. Бұған дейін әкімдік жобалық кеңсе отырысында бұл мәселе талқыланғанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады