Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған
Алматыда жарты гектар жерді иеліктен шығару туралы заңсыз қаулының күші жойылды.
Астана, NEGE. Қала прокурорлары 800 млн теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді.
Алматының Бас жоспарына сәйкес, бұл жер учаскесінде жалпы пайдаланудағы объектілер салу жоспарланбаған.
Осыған қарамастан, әкімдіктегілер нарықтық құны 800 млн теңгеден асатын жер учаскесін жалпы пайдаланудағы объектілердің құрылысына мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы шығарған.
Прокуратураның наразылығынан кейін заңсыз қаулының күші жойылды.