«Алматы әкімдерімен тілдеспек болған сайын бір қызық басталады»: журналист Асхат Ниязовты полиция тоқтатты

Журналист Асхат Ниязовты 19 мамыр күні Алматыда полиция қызметкерлері тоқтатып, айыппұл салып, медициналық куәландырудан өтуге мәжбүрлеген.

әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Бұл жөнінде журналист әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. Асхат Ниязов полицейлердің бұл әрекетін әкімдермен тілдесіп, сұхбат алмақ болғанымен байланыстырады.

«Алматы әкімдерімен тілдеспек болған сайын бір қызық басталады. Бүгін мені кенеттен полиция қызметкерлері тоқтатты. Көлікті тексеріп, өрт сөндіргіш болмағаны үшін айыппұл салды, сонан соң "көзің қызарып тұр, қолың дірілдейді" деп, медициналық куәландыруға баруды талап етті», – дейді ол.

Алайда полиция қызметкерлері ештеңе таппаған. Бұл процесс журналистің екі сағат уақытын алған. Кейін, өзінің жазуынша, полицей біреумен телефон арқылы ұзақ сөйлесіп, соңында жібере салған. 

«Мұның бәрін не үшін айтып отырмын? Жарайды Ерболат Досаев  журналистермен сөйлескенді ашық түрде ұнатпайтын, алайда Дархан Сатыбалды ондай емес еді ғой? Ол Түркістан облысының әкімі болып тұрған кезде бір күннің ішінде сұхбат беруге келісіп, барлық сұрағыма еш қиындықсыз жауап берген. Қазір неге бұлай болып жатыр?», – деп таңданады ол.

Бұл жайтқа қарамастан, журналист Алматының қазіргі әкімі Дархан Сатыбалдыдан сұхбат алуға талпынысын тоқтатпайтынын, қала басшысының уақыты болып жатса, оның алматылықтармен кездесулерін түсіруге ниетті екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әкімдігі Орталық саябақтың 5 га жерін қайтарып алды

Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Астана мәртебесі конституциялық заңда айқындалды

Парламент Президент және Құрылтай туралы конституциялық заңдарды қабылдады