Алматы Академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

Мақан Есболтов атындағы Алматы Академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Жиын барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеруге арналған Integrity Check тетігі аясындағы ынтымақтастық мәселелері де қаралды. Бұл құрал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және ашықтық, жариялылық пен сенім қағидаттарына негізделген кадрлық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Фото:gov.kz

Өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы жастардың маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Ол елдің болашағы жастардың азаматтық белсенділігіне, құқықтық санасы мен жауапкершілігіне, сондай-ақ адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарына деген адалдығына тікелей байланысты екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті