Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Ослодағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық кездесу аяқталды.

Алматы, NEGE. Осы салмақта ел намысын қорғаған Алмат Кебіспаев ресейлік қарсыласы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Назир Абдуллаевқа есе жіберді.  Тартысты белдесуде Алмат 5:10 есебімен ұтылған. Осылайша, Алмат турнирдің қола жүлдесіне таласу мүмкіндігін алып отыр. Алмат Кебіспаев әлем чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері. Соңғы рет ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын.  Сондай-ақ, Кебіспаев 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларының қатысушысы.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты