Алмасбек Садырбайды қамауда ұстау уақыты тағы ұзартылды

Алматы облысының Қонаев қаласындағы мамандандырылған тергеу сотында фермер әрі қоғамдық белсенді Алмасбек Садырбайға қатысты бұлтартпау шарасы қаралды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот оны тағы екі айға — 2025 жылғы 5 қарашаға дейін қамауда қалдыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, қамау мерзімі бір жылға жетіп отыр. Бұл туралы сот залында болған қоғам белсендісі Санжар Боқаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Садырбайға қатысты қозғалған іс саяси астары бар, себебі ол ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлық тақырыбын көтеріп жүрген.

– Маған жаңа ғана қоңырау шалды: сыныптасымның әкесі «Қазатомпром акциялары» жайлы алаяқтардың сөзіне алданып, ақша салыпты. Ал ол алаяқтар бостандықта жүр, ешкім оларды ұстамайды. Ал ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлықты көрсетіп, шындықты айтқан адамдарды, мысалы Алмасбекті, табады да, ойдан баптар шығарып, түрмеге отырғызады, – деді Боқаев.

Қазір Садырбай Алматыдағы тергеу изоляторында отыр.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?