«Алмасадам Сәтқалиевтің тұңғыш президентпен туыстық байланысы жоқ» – Министрлік
Энергетика министрлігі әлеуметтік желіде пайда болған ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің қызы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Stan.kz .
Алматы, NEGE. Бұған дейін желіде Алмасадам Сәтқалиевтің қызы сыныптасы Нұрсұлтан Назарбаевтың некесіз ұлымен некелесті деген ақпарат тараған. Осыған орай министрлік пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: Энергетика министрінің қызы сыныптасымен ешқандай жеке қарым-қатынаста емес. Алмасадам Сәтқалиевтің өзі де тұңғыш президентпен туыстық байланысы жоқ", - делінген Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.