«Алма-Атинская» НЕГЕ жабылады?
Мәскеу метросында «Алма-Атинская» дейтін станция бар еді, ол бүгін жабылатын болды. Бұл хабарды Мәскеудің транспорт департаменті таратты.
Алматы, NEGE. «18 қаңтар күні сағат күндізгі 12:00-ден кешкі 17:00-ге дейін «Алма-Атинская» станциясы жабылады. Замоскворецкая линиясында техникалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан №676, 740 және 764 автобуспен жүріңіздер» деп хабарлады Мәскеу метросының баспасөз қызметі.