4 августа 2022 г. 19:20
Алма-Арасан шатқалына баратын жолдың қашан жөнделетіні белгілі болды
Алматыда Алма-Арасан шатқалына баратын жол 2023 жылы жөнделеді, деп мәлімдеді қала әкімі Ерболат Досаев.
Алматы, NEGE. «Өкінішке орай, бұл қала жолы емес. Бұл жол «Қазавтожол» балансында. Биыл олар жобаны дайындап жатыр, құрылысты қаржыландыруға келесі жылы өтінім енгізетін болады. Бұл жолмен мен өзім жақында ғана жүріп, жолдың сапасын көрдім. Биыл оларға қолдау көрсетіледі деп үміттенемін», - деді Досаев.
Ол «мұның туризмді дамытуға және адамдардың демалысы үшін маңызды екенін» атап өтті.
«Мен бұл мәселенің шешілуіне және олардың қолдау табуына ықпал ететін боламын», - деді Досаев.