Аллигатордың видеосы тарап кетті

АҚШ-тағы Флорида штатының тұрғындары ірі қолтырауынды көріп, жағасын ұстады, – деп хабарлайды LADbible порталы.

Алматы, NEGE. Желіде ірі аллигатордың видеосы жарияланды. Видео Флорида штатының Неаполь қаласындағы Валенсия клубының гольф алаңында түсірілген.

Желі қолданушылары алғашында видеоға сенбеген. Олар оны видеомонтаж деп ойлаған. Алайда жергілікті метеоролог Мэтт Девитт бейненің өңірде түсірілгенін растады.

Порталдағы мәлімет бойынша, Флоридада 2 миллионнан аса аллигатор бар. Бірақ олардың 3,4 метрге дейін өсуі сирек кездеседі екен. Алайда ұзындығы 4,5 метр болатын аллигатор да болыпты. Бірақ ғалымдар бұл ақпаратты растаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды