Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма?
Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі, аллерголог Рафаэль Розенсонның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаға аллериясы барлар өте сирек кездеседі.
Оның айтуынша, вакцина алмас бұрын аллергиялық асқынуды емдеп алған жөн. Бұл көбінесе маусымдық аллергияларға қатысты.
«Жаз шығып, айнала жасыл желекке оранғанда ел арасында «поллиноз» деп аталатын аллергия ушығады. Енді оның аяқталуына да көп қалған жоқ. Содан кейін еш қорықпай вакцина ала беруге болады», - деді аллерголог.
«Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі өз сөзінде қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп кеткендіктен тұрғындарды карантин шараларын бұзбауға және індеттен қорғануға мүмкіндік беретін жалғыз амал – вакцина алуға шақырды.