Алла Пугачёва Ресейден біржолата кетті

Алла Пугачева балаларымен бірге Ресейден кетті, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Алматы, NEGE. Бұл жолы әнші отбаысмен бірге біржолата кеткен сыңайлы. 

Соңғы бірнеше айда примадонна қатал сынға ұшыраған еді. Ол Ресейдің позициясын қолдамайтынын ашық білдіріп жүр. 

Пугачева 2022 жылдың тамыз айында балаларымен бірге Ресейге қайта оралған болатын. Ол Ресейдегі біраз ісін аяқтап, мүлкін сатып, ақыры елден кететінін айтқан. 

Жұлдызды отбасының қайда баратыны белгісіз. Түрлі ақпарат көздері Примадонна мен оның күйеуі Максим Галкиннің Балтық елдерінде, Израильде, Грецияда және Кипрде жылжымайтын мүліктері бар екенін хабарлаған. Бірақ нақты қайда баратыны расталған жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті