Әлия Назарбаева анасы туралы: Махаббатыңыз бен даналығыңызға рақмет!

Әлия Назарбаева анасы Сара Алпысқызын туған күнімен құттықтап, желіде жазба қалдырды.

Алматы, NEGE. Ол instagram парақшасында:

«Қымбаттыларым, қарапайым бірақ ең маңызды шындықты естеріңізде сақтаңыздар: өзгелерге арнаған махаббатыңыз, өзіңізге еселеніп қайтады. Бұл не істесең сол қайтып оралады деген заңдылық. Оны біздің ата-бабаларымыз да айтып кеткен, мен де өзімнің кездесулерім мен дәрістерімде айтудан жалықпаймын. Балаларым мен немерелеріме де айтамын. Ұмытпаңыздар, «не ексең, соны орасың» деген сөз дүние жаратылған кезден бастап бар. Бір-бірлеріңізге махаббат сыйлаңыздар, ол түбі күшейіп өзіңізге қайтып келеді», - деп жазды. 

Сөз соңында «Туған күніңізбен, Мама! Махаббатыңыз бен даналығыңызға рақмет! Мен сені жақсы көремін», - деп құттықтау қалдырған.