Әліпбиді онлайн-бағдарлама үйретеді

Таразда латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды. 18 сабақтан тұратын жаңа бағадарламаны «qazalipbi.kz» сайтына кіріп, қолдануға болады.

Алматы, NEGE. Жаңа бағадарламаны жасау үшін облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жарты жыл еңбектенген. Ол туралы «Латын графикасы: түркілік тұтастық және жаһандық ақпараттық кеңістік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндалды.

Аталған басқарма мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен шарада латын графикасына негізделген әліпби мен емле ережелердің лингвистикалық аспектілері, түркі руханиятымен жаңа қазақ әліпбиіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты