Алина Кабаеваға және Дмитрий Песковқа қатысты санкциялар қабылданды

Еуропалық одақ Ресей әскерін қаржыландыру мүмкіндігін шектеуге бағытталған санкциялардың алтыншы пакетін қабылдады.

Алматы, NEGE. Бұл шаралар одаққа  мүше елдерге Ресейден теңіз арқылы жеткізілетін шикі мұнайды 6 айға, сондай-ақ мұнай өнімдерін 8 айға сатып алуға тыйым салады. Санкциялар пакеті Сбербанкті, Мәскеу кредиттік банкін және Россельхозбанкті SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратуды көздейді.

Сондай-ақ санкция шаралары гимнаст Алина Кабаеваға, Дмитрий Песковтың отбасына, бірнеше бизнесменге жарияланды. Шектеу ондаған әскери қызметкерге және Ресей қарулы күштерін құрал-жабдықтармен, материалдармен және қызметтермен қамтамасыз етуші компанияларға да қарсы қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ