Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Алина Дауранова Инцель қаласында (Германия) өтіп Әлем чемпионатында қолаға қол жеткізді.
Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы күні 500 метр қашықтықта бақ сынаған Алина мәреге үшінші болып жетті.
Алтынды Италия өкілі Серена Пергер, күмісті нидерландық Энджел Дэйлман жеңіп алды.
Айта кетейік, жарысқа 23 елден 149 спортшы қатысып жатыр.